“АЛДАСПАН” — тәуелсіз журнал. 1997 жылдың тамыз айынан бастап қазақ тілінде, Алматы қ-нда ай сайын шығып тұрады. Таралымы — 10000 дана. Құрылтайшысы — қоғамдық “Алдаспан” батырлар қоры. Журналдың негізгі мақсаты — жас ұрпақты отаншылдық патриотизм, ата-бабалар дәстүріне адалдық рухында тәрбиелеп, ел, жер тарихымен, имандылық қағидаларымен таныстыру. “А.”-да қасиетгі кітап — Құран Кәрімнің ғыл. мәнін ашуға арналған материалдар және Мұхаммед пайғамбардың хадистері, сондай-ақ шығыс ойшылдарының кейбір еңбектері жарияланды.