АЛДАНАЗАРОВ Әмір Тұрлыбайұлы (1.5.1915, қазіргі Оңт. Қазақстан обл. Сарыағаш ауд. 22.1.1975, Алматы) — гематолог, мед. ғыл. докт. (1972), проф. (1973), Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ташкент мед. ин-тын бітірген (1941). 1948 — 56 ж. Қазақстан ЕА Өлкелік патология (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғыл.- зерт. орталығы) ин-тында кіші, аға ғылыми қызметкер, ғыл. хатшы, 1956 жылдан бөлім меңгерушісі болды. А-ның негізгі ғыл. еңбектері Қазақстанда қорғасыннан уланудан болатын қан жүйесіндегі өзгерістердің белгілері мен дамуын (патогенезін), сақтандыру шараларын және емдеу әдістерін зерттеуге арналған. 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.