АЛДАБЕРГЕН Нұғманұлы

АЛДАБЕРГЕН Нұғманұлы (1887 — 1936, қазіргі Оңтүстік Қазақстан обл. Бәйдібек ауд. Жүзімдік а.) — би. 1918 — 20 ж. Ташкент, Самарқан медреселерінде оқыған. Жас кезінен болыс, билерге хатшылық қызмет атқара жүріп, өзінін зеректігімен, тапқырлы- ғымен ел құрметіне бөленеді. 1927 жылға дейін би болып, ел басқару ісіне қызу араласады. 1928 — 30 ж. Жүзімдік ауылын артель, кейін ұжымшар етіп ұйымдастырады. Бұрын ойда-қырда жүрген елдің басын қосып, отырықшылыққа бастайды, ұжымдық еңбекке жұмылдырады. А-нің ел аузында сақталған сөздерінің бірсыпырасы жиналып, жарық көрді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *