АЛДАБЕРГЕНОВ АУЫЛЫ

АЛДАБЕРГЕНОВ АУЫЛЫ — — Алматы обл-ның Талдықорған ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Ауд. орталығы — Қарабұлақ кентінің батысында 22 км жерде, Көксу өз-нің оң жағалауында орналасқан. Көксу өз. аңғарындағы қоңыржай- ылғалды агроклиматтық белдемде жатыр. Тұрғыны 3,7 мың адам (1997). Бұрын “КПСС 22-партсъезі” атынд. ұжымшардың орталығы болған. А. а-да диірмен, машина-трактор шеберханасы, тұрмыстық үй, орта мектеп, мәдениет үйі, Н. Алдабергенов атынд. мұражай, 2 клуб, саяжай, стадион, аурухана, наубайхана, т.б. кәсіпорындар мен мәдени орындар, сондай- ақ елді мекеннен шыққан 18 Соц. Еңбек Еріне және Кеңес Одағының батыры М. Байысовқа арналған “Батырлар аллеясы” бар. Бұрынғы ұжымшар негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Тұрғындары Қарабұлақ кентімен, елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *