АЛГОРИТМ

АЛГОРИТМалгорифм (Орта Азия математигі әл- Хорезмидің араб. есімінің латAlgorithmi деп берілуінен шыққан) — бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (мат. есеп- қисаптар орындау, тех. объектілерді жобалау, ғыл.-зерт. жұмысын жүргізу, т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. А. — мат. мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. А- ді орындау алгоритмдік процесс деп аталады. Жалпы, А. деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу процесін айтады. Есептеу процесі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі. А. ұғымының алғышартына алгоритмдік процеспен қатар мүмкін болатын алғашқы деректер жиынтығының нұсқауы және қорытынды алуға байланысты жүргізілген процестің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір бастапқы деректердің жиынына қолданылған А. тиянақты қорытындыға келмеуі немесе есептеу барысы аяқталмай тоқталуы мүмкін. Егер есептеу процесі белгілі бір қорытынды алумен аяқталса (не аяқталмай қалса), онда А. мүмкін болатын бастапқы деректерге қолданылады (не қолдануға болмайды) деп ұйғарылады. А. — қазіргі математикада, оның ішінде электронды есептеуіш машинада қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Белгілі бір теңдеу түбірінің жуық мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған А-мен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына байланысты А. жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау да А. деп аталады. А-ді орындаушы — адам, ЭЕМ немесе робот. Әрбір нұсқау — бұйрық. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын бұйрықтар жиыны бұйрықтар жүйесі деп аталады. Мыс., у = (ах + b(сх — d) функциясын есептеу ЭЕМ-да мынадай әрекеттерден құралады: 1) о-ны х-ке көбейту R1 деп, 2) оған b-ны қосу нәтижесі R2 деп, 3) с-ны х-ке көбейту R3 деп, 4) сх-тан d-ны алу R4 деп, 5) R2,-ні R4ке көбейту у деп белгіленеді. А- нің бұйрықтары бірінен кейін бірі кезекпен орындалады. Бағдарлама А. тілінде жазу, бейнелеу мағынасын береді. Компьютерде А-нің сызыкты, циклді, логикалық, модельдік, параллельдік, тізбекті, т.б. түрлері қолданылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *