АЛГЕБРАЛЫҚ ӨРНЕК

АЛГЕБРАЛЫҚ ӨРНЕК — саны шекті әріптер мен сандардан құралған және бір- бірімен қосу, азайту, көбейту, бөлу, бүтін санға дәрежелеу, сондай-ақ түбір табу амалдарының таңбалары арқылы біріктірілген өрнек. Егер өрнекке енетін әріптер түбір астында болмаса, онда А. ө. сол әріптерге қарағанда р а ционал А.ө. деп аталады (мыс., 

3a4+bc22a+b

 өрнегі — а, Ь, с-ға қарағанда рационал А. ө.). Егер белгілі бір әріптер енетін өрнекте бөлу амалы болмаса, онда А. ө. сол әріптерге қарағанда б ү т і н А.ө. деп аталады (мыс., 

3ac+bc23ac4

өрнегі — а, b- ға қарағанда бүтін А. ө.). Егер кейбір әріптерді (немесе бәрін) айнымалы деп санасақ, онда А. өалгебралық функция болады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *