АЛБЫРТТАР

АЛБЫРТТАР (Salmonidae) — нағыз сүйекті балықтар тобына жататын албырттар отрядының бір тұқымдасы. Қазақстанның Каспий, Арал т-нде, Зайсан к-нде, Бұқтырма бөгенінде, Ертіс, Жайық өз- дерінде Каспий албырты, Арал албырты, Ақбалық, Сылан түрлері кездеседі. А-дың тұщы суларда тұрақты мекен ететін (Сигалар, омулдар мен таймендер деп аталатын) түрлері бар. А-дың дене тұрқы 130 см, салм. 2 — 3 кг. Денесі тығыз қабыршақты келеді, бүйір сызығы жақсы дамыған. А. — қазіргі кезде тіршілік ететін сүйекті балықтардың ішіндегі өте қарапайым түрі. Олардың басқа балықтарға қарағанда бас сүйегі нашар сүйектенген және жүзу торсылдағы өңешпен бірігіп кеткен. Қанат қауырсындары жұмсақ және бунақты, ал арқасындағы жүзгіш қанаты қысқа. Сонымен қатар арқасында жұмсақ тері қатпары бар, оны майлы қанат деп атайды. А. — өткінші балықтар. Олардың өсіп жетілуі, көбінесе, теңізде өтеді де, ал уылдырығын өзендерге шашады. Уылдырық шашу кезіндегі өрістеуі бірнеше мың км-ге дейін жетеді. Уылдырықтарын өздері қазған су түбіндегі арнаулы шұңқырға шашып, оның бетін ұсақ тастармен немесе ірі құмдармен жауып тастайды. Шабақтары өзенде қыстап шығады да, көктемде теңізге өтеді. А. — кәсіптік маңызы зор, өте бағалы балықтар. Олар өте дәмді еті әрі қызыл уылдырығы үшін ауланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *