АЛБАР — мал қамайтын, қыста шөп шашатын ашық қора. А. көбінесе, жабық қораға, тұрғын үйлерге жалғаса салынады, кейде, қорадан аулақ қоршалады. Түлік төлдететін қоныстар да А. деп аталады. А. кей өңірде “аула” деп аталады. Құрал-сайман қоймасы да А. делінеді.