АЛБАНДАР (өзд. атауы — ш к и п т а р , Италияда — арбрештер) — Албанияның негізгі халқы. Югославия, Греция, Италия, Түркия, т.б. елдерде де тұрады. Жалпы саны 3,3 млн. (1994). Балкан- кавказ расасының үлкен еуропеоидтар нәсіліне жатады. Үнді-еуропалық тілдер шоғырының бөлек тобын құрайтын албан тілінде сөйлейді. Жазуы латын графикасына негізделген. А- дың ата тектері — Балқан түбегінің ежелгі тұрғындары. Кейбір ғалымдардың айтуынша, албандардың этник. тобын иллирийлер, фракийлар құрайды. А. мәдениетіне, тіліне римдіктер билігі (б.з.б. 2 — 4 ғ.), славяндар (6 — 7 ғ.) отаршылдығы, Византия ықпалы көп із қалдырған. 11 ғ- да басталған тайпалардың араласуынан жергілікті топтар арасында қауымдастықтар құрылды. “Арбер” энтонимі Албанияның барлық тұрғындарына кеңінен тарай бастады. Осман империясы билеген кезеңде (15 ғ-дан 1912 ж. дейін) А. көбі Ресейге, Италияға, Осман империясының облыстарына таралды. 17—18 ғ. ислам дінін қабылдады. 1912 ж. Албания тәуелсіздік алды. 1939 — 44 ж. Италия, Германия басқыншыларына алушыларына қарсы демокр. төңкеріс жеңісінен кейін ұлт болып бірікті. Негізгі кәсібі — егіншілік, мал ш. Тау-кен, жеңіл өнеркәсіп, мұнай, ағаш өндіру дамыған. Туыстық байланыстары ағылшындар үлгісінде. Ән, би, эпостық жырлар мол сақталған.