АЛАҚОРЖЫН

АЛАҚОРЖЫН (Laqurus) — кеміргіштер отрядының аламан тәрізділер тұқымдасына жататын тышқан. Қазба қалдықтары төменгі плиоцен дәуірінен сақталған. Қазақстанда А-ның 2 түрі: дала А. (L. Lagurus) және Сары алақоржын мекендейді. Дала А- ның дене тұрқы 96 — 125 ммсалм. 18 — 46 г болады. Арқасында төбесінен құйрығына дейін созылып жатқан қара жолағы бар. Республикамыздың солт. жартысындағы орманды-дала,шөлейтті дала (Бат. Қазақстан. Ақтөбе, Қостанай, Солт. Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды обл-тары), оңт.-шығыс таулы аудандарда (Алматы, Шығ. Қазақстан обл-тары) кездеседі. Дала А-ның 4 — 10 іні болады, онда ересегімен жасы бірге тұрады. Қысқы ұйқыға жатпайды. Жылына 6 рет (1 — 14-тен) балалайды. Астық, бағалы жемшөп өсімдіктерімен қоректенгендіктен а. ш-на зиян келтіреді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *