АЛАҚАЙДЬІҢ АҚТАҚЫРЫ— Қызылқұмның солтүстігіндегі тақырлы жазық. Қызылорда обл-ның Қармақшы ауд-ндағы, Қызылқұм мен Ескідария арнасының аралығында орналасқан. Ұз. 35 км. Ең биік жері 108 м. Төрттік дәуірдің аллювийлі, құмдақты шөгінділерінен түзілген. Жазықта сексеуіл аралас жусанды соранды шөптесін өсімдіктер өседі. А. а. аумағында ежелгі қалалар орны көп.