АЛАШ БАҺАДҮР (14 ғ-дың 2- жартысы — 15 ғ-дың 1-жартысы) — Дешті Қыпшақтың атақты батырларының бірі, аймақ билеуші. “Тарих-и Абул- хайрханида” (16 ғ. 1-жартысы) 16 жасар Әбілхайыр хан (1412 69 ж.) тұтқыннан босап шығып, 1428 жылдың желтоқсан — 1429 жылдың наурыз айларында А. Б. жұртында болады. Дерек авторы Масуд ибн Осман Кухистани А. Б-дың ең қуатты тайпалардың бірін билегенін айтады. 1429 ж. 17 жасында хан болып сайланған Әбілхайыр көрсеткен еңбегі үшін А. Б-ға және оның аймағына сыйлық береді. Өзінің жарлығымен А. Б-ды аймақ билеушісі етіп қалды- рады.