АЛАША

АЛАША — әр түрлі түске боялған мақта, жүн жіптерінен өрмекпен тоқылатын төсеніш. Екі әдіспен тоқылады. Бірі — түрлі түсті жіптерді жарыстыра жолақтап тоқу. Екіншісі — әр түсті бой жіптерді санап отырып, теріп тоқу арқылы көп мәнерлі өрнектер түсіру (қ. Өрмек тоқу). Алғашқысын қақпа А., соңғысын терме А. деп, кейде кілем А. деп те атайды. А-дан төсеніш, тұс кілем, қоржындар жасайды. А. қазақ тұрмысында ең жиі қолданылатын мүлік. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *