АЛАУ БАТЫР

АЛАУ БАТЫР (шамамен 15 ғ-да өмір сүрген) — аты аңызға айналған батыр, қолбасы. А. б-дың тегі туралы шежірелерде әр түрлі айтылады. Оны Мөңке биден, алшыннан тарататындар бар. Шежірелердің басым көпшілігінде А. б. Алшынның әкесі деп көрсетілген. Қара Жүргенов пен Жолшора Талдыбаевтардың 1925 ж. жазған шежіресінде А. б- ды Бекарыстан таратады. Шежірелердегі аталар санын демогр. жүйемен есептегенде бүгінгі ұрпақ пен А. б. арасы 15 ғ-ға апарады. Оның есімі кездесетін “Қырымның қырық батыры” жырлары да — осы Ноғайлы заманының эпосы. Ол туралы қисса да бар; қ. “Алау батыр».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *