АЛАТӨБЕ МҰНАЙ КЕНІ — Маңғыстау обл-нда, Ақтау қ- нан солт.-шығысқа қарай 33 км жерде орналасқан кен орны. Мұнайлы құрылым 1977 ж. анықталған. Барлау жұмыстары 1980 — 82 ж. жүргізілген. Құрылым жартылай күмбез тәрізді көтерілімде орналасқан және солт.-батыс бағытында тектоник. жарылыммен шектелген. Мұнай 245 кені теренд. 3875 м-дегі тектоник. жарықтарға жанасқан орта триас кезеңінін карбонатты тау жыныстарында шоғырланған. Мұнайлы қабаттың жалпы қалыңд. 60 м, тиімді қалыңд. 17,8 м; ашық кеуектілігі 17%, өткізгіштігі 0,74 мкм2, мұнай сіңірімділік коэффициенті 0,74. Бастапқы қабат қысымы 52,5 мПа. Ұңғыманың тәуліктік өнімд. 180 м3. Мұнайы жеңіл (0,844 г/см3), парафин мөлш. 9,3%. Мұнайдың 300°С-қа дейінгі фракция шығымы 41%. Барланған геол. қоры бойынша А. м. к. орташа кен орны болып есептеледі. Оны 1987 жылдан “Жеті- баймұнай” акцион. коғамы игеріп жатыр.