АЛАТАУ — Алматы обл-ның Қаскелең ауд-ндағы ауыл, Үлкен Алматы ауылдық әкімш. округінің орталығы. Ауд. орталығы — Қаскелең қ- ның оңт.-шығысында 35 км жерде, Үлкен Алматы өз-нің жағалауында орналасқан. Тұрғыны 6,9 мың адам (1997). Таудың ылғалды агроклиматтық белдемінде жатыр. А-да орта мектептер, клуб, кинотеатр, аурухана, кәсіпорындар мен демалыс орындары бар. Алматы және Қаскелең қ-ларымен, елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.