АЛАТАУ СИЫРЖОҢЫШҚАСЫ (Onobrchis alatavica)— бұршақтар тұқымдасының сиыржоңышқа туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Іле Алатауы өңіріндегі Түрген өз-нің шатқалды тау бөктерлерінің балшықты, тастақты жерлерінде өседі. Биікт. 50 см. Шамалы түк басқан сабақтарының бұтақтары жұмсақ болады. Жапырақтары жалпақ, 4 — 7 жұптан тұрады, ұз. 15 см-дей, сары кызғылт түсті гүлдері, көп гүлді гүл шо— ғырына топтасқан. Маусым айында гүлдейді, шілдеде жеміс береді. Тұқымы ұзынша келген бұршақ А. с. — өте сирек кездесетін өсімдік. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.