АЛАМАН БӘЙГЕ — ат жарысы. А. б-ге 20 — 60, кейде одан да көп сәйгүлік қосылады. Ат 25 — 100 шақырым кашықтыққа шабады. Жолда өзен, көл кездесуі де мүмкін. Жарыс тәртібін бақылайтын арнаулы адамдар белгіленеді. Бәйге атына салмағы жеңіл жас балалар мінгізіледі. А. б. елге күні бұрын хабарланып, жүйрікті ерте баптауға мүмкіндік жасалады. Той (ас) иесінің шамасына қарай, 1- ден 9-ға дейін жүлде аталады. А. б. кейін ипподромдарда өткізіле бастады.