АЛАМАН

АЛАМАН — көпшіліктің бірігіп, жұмылып атқаратын әрекеті мен қимылы. Қазақ халқы ел ішіндегі ушыққан істі асқындырмау немесе дұшпандарын басындырмау мақсатында жұрт болып жұмылып, жұдырықтай түйіліп, әрекет жасап отырған. Қағынған өрт, қабынған дау, асқынған соғысты да А-ға теңеген (А. соғыс, А. бәйге, А. той, т.б.). А. — күш біріктіру, берекеге келу немесе алауыздықты болдырмаудың әлеум. атауы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *