АЛАКӨЛ АРТЕЗИАН АЛАБЫ

АЛАКӨЛ АРТЕЗИАН АЛАБЫ, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аралығындағы Алакөл ойысында орналасқан. Аумағы 26 мың км2-ден астам. Су тұтқыш қабат төрттік кезеңнің борпылдақ шөгінділерінен кұралады. Оның қалыңд. 3 — 15 м-ден (тау бөктерлерінде) 200 — 300 м-ге (ойыстың ортасында) дейін жетеді. Осы шөгінділердің төменгі қабаттарында (100 — 300 м тереңдікте) арыны күшті шапшымалы артезиан сулары жиналады. Ұңғымадан шыққан су жер бетінен 18 м-ге дейін көтеріледі, өнімд. 20 — 50 л/с-ке жетеді, минералд. 0,4 — 0,8 г/л. Көл жағалауларындағы арынсыз грунт суының минералд. 10 — 30 г/л. Алакөл ойысындағы бұрғылау кезінде жоғарғы плиоцен шөгінділерінің қиыршық және малтатасты сулы қабатынан 539 м тереңдіктен зор арынды артезиан суы алынған. Оның арынының күші жер бетінен 12,5 м-ге дейін шапшиды, минералд. 1 г/л-ден аспайды. А. а. а-ндағы арынды және арынсыз жер асты суларының жалпы табиғи қоры 80 млрд. м3- ден астам, жылдық ресурсы 72 м3/с. А. а. а-ның елді мекендерді сумен қамтамасыз етуде, егістік пен жайылымдарды суландыруда маңызы зор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *