АҚШАТАУ — Қызылорда обл-ның Арал ауд-ндағы Бекбаулы т.ж. ст-нан батысқа қарай 24 км жерде орналасқан көл. Аумағы 25,5 км2. Ұз. 7,7 км, ені 5 — 7 км. Ең терең жері 2,5 м-ге жуық. Суы ащылау. А. Сырдариямен арна арқылы жалғасады. Батыс жағалауында қалың қамыс өседі. Көлден сазан, көкбас алабүға ауланады. Желтоқсанның аяғында мұзы қатып, сәуірдің бас кезінде ериді.