АЛМАТЫ СТАНОК ЖАСАУ ЗАУЫТЫ — Алматы қ-ндағы станоктар шығаратын кәсіпорын. Зауыт 1932 ж. шойын құю зауыты түрінде құрылған. Негізінен, тұрмыстық бұйымдар (шеге, ыдыс-аяқ, кереует, т.б.) шығарды. 1942 ж. көшіріліп әкелінген Ворошиловоград құю-механик. зауытымен біріккеннен кейін Октябрьдің 20 жылдығы атынд. Алматы мех. зауыты болып аталды. Автомобильдер мен тракторларға тетіктер мен қосалқы бөлшектер шығарып, майданның арнаулы тапсырыстарын орындады. 1961 ж. Алматы станок жасау зауыты аталып, станок жасауға бейімделді. 1993 ж. Алматы станок жасау зауыты акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
Зауытта жұмыс процесі кеңінен мех-ландырылып, автоматтандырылған. Токаолық станоктар мен стандартты емес жабдықтар шығарады. Зауыт өз өнімдерін отыздан астам шет елге жөнелтеді.