АҚ ҚОЯН 

АҚ ҚОЯН (Lepus timidus) — қояндар тұқымдасының бір түрі. А. қ., негізінен, қалың қар түсетін орманды жерлерде тіршілік етеді. Қостанай, Солт. Қазақстан, Павлодар және Ақмола обл-тарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығ. Қазақстан обл-тарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Бат. Қазақстан, Ақтөбе, Алматы обл-тарында сирек кездеседі. Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салм. 5 — 6 кг-дай болады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Басқа қояндардан ерекшелігі құлақ қалқанының ұшы қара, құйрығы дөңгеленген қысқа болады. Жылына, ақпан — маусым айларында 2 — 3 рет көбейеді, 3—10 көжек туады. Жазда шөптесін өсімдіктермен, бұталармен, ағаштармен қоректенеді, ал күз, қыс айларында ағаш бұталары мен қабықтарын кеміреді. Сыртқы денесінде түрлі кенелер, ішкі мүшелерінде масыл құрттар тіршілік етеді. А. қ. туляремия ауруын таратуы мүмкін. Ағаштардың қабығын кеміріп, орман шаруашылығына аздап зиянын тигізеді. А. қ. еті, терісі мен түбіті үшін ауланады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *