АҚ НІЛ (араб.Бәхр ул-Абияд — ақ өзен) — Судан мемлекетіндегі Ніл өз-нің атауы, әл-Газалдан Көгілдір Нілдің құяр жеріне дейінгі Ніл өз-нің сол жақ саласы. Ұз. 957 км. Жаздың аяғында және күздің басында суы тасиды. Осы кезеңде өзен суы ақшыл түске (реңге) енеді. Хартум қ. тұсындағы орташа су шығыны 808 м3/с. Қаладан 40 км жоғарыда Гебел — Аулия бөгеті салынған. Өзен егін суаруға, суландыруға, кеме қатынасына пайдаланылады. Онда балық ауланады.