АҚ БАТТАУЫҚ, құрғақ айрауық (Calamagrostis epigeios ) — астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, айрауық туысының бір түрі. Қазақстанның тау бөктерлеріндегі құмды, ылғалды жерлерде, бұта арасында өседі. Сабағы тік, биікт. 80 — 150 см, тамыры топырақ астына жайыла бекиді. Жапырағы жалпақ, ұзын, гүл сыпыртқысының шашағы тығыз, қалың болады. Маусым — шілде айларында гүлдейді. А. б-тың өскен сайын сабағы мен жапырағы қатайып түрпілене бастайды. Сондықтан оны гүлдегенге дейін шабады. А. б- ты мал сүйсініп жейді. Сабағында целлюлоза көп болғандықтан, қағаз жасау үшін де пайдаланылады.