АҚ АЛМАС — болаттан жасалған қару. Қанжар, семсер, қылышты кейде жасалынған болатының түріне, сапасына қатысты А. а. деп атаған. Бұл атау қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездеседі. Сондай-ақ алмастың түсіне қарай қарулардың қызыл алмас, көк алмас деген түрлері болған. Сапасы жағынан ең жақсысы қызыл алмас, одан кейін А.а. саналған. Шығыста асыл болаттардың (алмастардың) шам (дамаск), табан (қаратабан), хорасан деген түрлері кең танымал болған. Әр алмастың шынықтырылу, жасалу әдісі құпия сақталған.