АҚҚҰМ — көне қаланың орны. Жамбыл обл. Жамбыл ауд. Билікөл деген жерде, Ассы өз-нің сол жағалауында 500 м қашықтықта орналасқан. Қала жұртын Қазақстан ҒА археол. экспедициясы Жамбыл обл. археол. бөлімшесінің меңгерушісі археолог Г.И. Пацевич (1941) зерттеген. Қазіргі сырт көрінісінің аумағы 50 м, биікт. 5 м шағын төбе. Күрделі қазба жұмыстар жүргізілмеген. Қыштан жасалған құмыралардын сынықшаларына қарағанда қала б.з. 7—11 ғ-да болған. Жер өңдеумен алғаш айналысқан тұрғындардың қонысы болып табылады.