АҚҚҰЙРЫҚТЫ СУБҮРКІТ(Haliaeetus albicilla) — сұңқар тәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанның Атырау, Бат. Қазақстан, Жам- был, Алматы, Шығ. Қазақстан обл-тарындағы жағалаулары тік жарлы, құзды өз-дср бой- ында қалың тоғайларын, қамысты үлкен су қоймаларын мекендейді. Ұябасары қанатының ұз. 64 — 72 см, салм. 4,96,7 кг болса, қоразының денесі кіші, қанатының ұз. 5763 см, салм. 3,1 — 3,8 кг-ға ғана жетеді. Олардың арқасы сұр түсті, басы мен мойны, бауыры ақшылдау келеді. Кез- құйрықты субүркіттен ерекшелігі ересектерінің құйрығы шымқай ақ болады. А. с,— отырықшы құс. Ұясын ағаш басына салып, оны бірнеше жыл пайдаланады. Жұбы жазылмай наурызда 1 — 3 жұмыртқа салады. Оны ұябасары 30 — 40 күндей шайқайды. Балапандары ұядан 2 айдан кейін ұшып шығады. А. с. — үйректермен, қасқалдақтармен, қырғауылдармен, балықтармсн, ондатрлармен, ал Каспий т-нде итбалықтың күшіктерімен қоректенеді. Саны аз, сирек кездесетін жыртқыш құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).