АҚҚҰДЫҚ — Солт. Қазақстан обл-ның Тайынша ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округ орталығы. Ауд. орталығы — Тайынша кентінен 65 км, Алабота көлінің оңт.-ба- тысында 12 км жерде, Жарық пен Жандысу өз-нің су айрығында, Есіл жазығындағы селеу аралас әр түрлі шөп өскен қара топырақты дала белдемінде орналасқан. Жақын т.ж. стансасы — Золоторунная (12 км жерде). Іргесі алғаш 1929 ж. а. ш-н ұжымдастыру кезінде қаланған. 1932 жылдан “Алабота” астық кеңшарының орталығы болды. Тұрғыны 1,3 мыңға жуық (1997). А-та тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорны, орта мектеп, клуб, аурухана бар. Бұрынғы кеңшар негізінде кооп. шаруашылық шаруа (фермер) қожалықтары ұйымдастырылған. А. арқылы Көкшетау — Омбы автомоб. жолы өтеді. Тұрғындары елді мекендермен ауыл-аралық жолдар арқылы қатынасады.