АҚҚЫШТЫҚ — денелердің кернеу (қысым) түсу әсерінен пластикалық түрде немесе тұтқырланып деформациялану қасиеті; түтқырлыққа — кері шама. Тұтқыр денелерде (газдар, сүйықтар) А. құбылысы кез келген кернеу әсерінен байқалады, ал пластикалық қатты денелерде А. белгілі бір шектен асатын үлкен кернеу түскен кезде ғана байқалады.