АҚҚОҢЫР — Ақтөбе обл. Байғанин ауд-ндағы өзен. Шығыс Каспий алабында жа- тыр. Ұз. 52 км, су жинау алабының ауд. 704 км2. Сағасы Нұржан бейітінің оңт.-шығысындағы Теңізтау қыстауына жетпей құрғап калады. Көктемде еріген қар суымен то— лысып тасиды. Өзен суы шабындық суаруға пайдаланылады.