АҚҚАЙЫҢ

“АҚҚАЙЫҢ” — аяқ-қол, буын, жүйке жүйесі және әйел ауруларын, еркектердің урологиялық науқастарын емдеуге арналған санаторий. Іле Алатауының солт. бөктерінде, теңіз деңгейінен 1450 м биіктікте Алматы қ-нан 12 км жерде орналасқан. 1974 ж. ашылған. 150 емдеу орны бар (1998). Жыл бойы жұмыс істейді. Орта есеппен ауа темп-расы: қаңтарда -3,8°С, шілдеде 20°С. Жауын-шашын мөлш. жылына 800 мм-дей. Санаторий айналасын бақ, жүзімдік, қайыңды орман қоршаған. Ем үшін сырттан екі түрлі минералды су (Алматының солт,- батыс шетіндегі йод, бром, азот, кремний, қышқылы көп, кальций-натрий аралас хлорлы суы және “Ақсай” бұлағындағы кальций-натрий суы) әкелінеді. А-да климатпен (иондалған таза ауа, күн шұғыласына бөленген әсем табиғат), сондай-ақ физиотерапиялық және диетамен емдеу әдістері қолданылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *