АҚҚАЙНАР — Алматы обл-ның Жамбыл ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Ауд. орталығы —Ұзынағаш а-ның батысында 25 км жерде, Самсы өз-нің оң жағалауында орналасқан. Тұрғыны 1,9 мың адам (1997). Ауыл Іле Алатауы мен Жетіжал жотасының түйіскен жеріндегі тау етегінің қуаң агроклиматтық белдемінде жатыр. А-да орта мектеп, клуб, мед. пункт, т.б. мекемелер бар. А. тұрғындары аудан орталығымен және басқа елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.