АҚҚАБА

АҚҚАБА — Шығыс Қазақстан обл. Марқакөлдің шығысындағы Қаба жотасын бой- лай ағып жатқан өзен, Қаба өз-нің сол саласы. Ұз. 99 км, су жинау алабының ауд. 1570 км2. Бастауын Оңт. Алтай жотасынан алады. Қазақстан мен Қытай шекарасын бойлай аққан өзен, әуелі Қарақоба өз-не, сонан кейін ҚХР-дағы Қаба өз-не құяды. Жайылмасының ені 0,5 км, жағасының биікт. кейбір тұсында 10 м-ге дейін жетеді, жазықпен аққан жерлерінің биікт. 2 — 2,5 м. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *