АҚТАУ

АҚТАУ — Қарағанды обл- ндағы Теміртау қалалық әкімшілігіне қарасты кент. Теміртаудан солт-ке қарай 18 км, Қарағандының солтүстігінде 57 км жерде орналасқан. Іргесі 1950 ж. Орт. Қазақстан өнеркәсібін құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге байланысты қаланған. 1972 ж. кентке айналған. Тұрғыны 11,9 мың адам (1997). А-да “Қарағанды цемент” өндірістік бірлестігі, асбоцемент бұйымдарын жасау және құрылыс жабдықтарын шығару з-ттары, автокөлік кәсіпорны жұмыс істейді. Индустрия техникумы, кәсіптік тех. уч-ще, 2 орта мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, спорт сарайы, стадион, жүзу бассейні, балалар мен жасөспірімдер мектебі, мед.-санитарлық бөлім, емхана бар. А. арқылы Қарағанды — Астана т.ж-ы, Петровка — Токаревка — Теміртау автомоб. жолы өтеді. Елді мекендермен ауыларалық жолдар арқылы байланысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *