АҚТАУ

АҚТАУ — Маңғыстау облысының орталығы (1973 — 88, 1990), қалатеңіз жөне әуе порты. Каспий теңізінің шығжағасында орналасқанҚаланың шығысында 40 км жерде әйгілі Қарақия ойысы жатырЖер бедері тегісолнегізіненкоррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзілген. Климаты құрғақ континеттікҚаңтардағы орташа темп-ра -2 — 4°С, шілдеде 26 — 28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 180 — 200 мм. Жер асты сулары тереңде және олар сәл ащы болып келедіҚала маңы шөлдің сұр және сұрғылт топырағында бұйырғынжусанды және сортаң шөптесін өскен дала. Маңғыстау түбегінде мұнай, газ, уран. т.бқазба байлықтарының ашылуына байланысты іргетасы 1959 ж. қаланған. 1963 ж. оған қала мәртебесі берілді. А. біраз уақыт Шевченко аталып (1964—91), кейіннен тарихи жер атауы қалпына келтірілді. А. қ-лық әкімшілігінің құрамына Маңғышлақ және Өмірзақ кенттері кіредіТұрғындары 157,4 мың (1998). Қалада қазақтардан да басқа көптеген ұлт өкілдері тұрады. А-да облыстың басты кәсіпорындары шоғырланған. Химия өндірісі дамыған, газ өңдеу, пластмасса зауыттары, металлургия комбинаты бар. Олардың негізгі өнімдеріминералдық тыңайтқыштаркүкірт қышқылыжасанды аммиак, полистирол болып табыладыТамақжеңіл өнеркәсіптұрмыстық қызмет кәсіпорындары жұмыс істейдіҚаланың құрылыс ұйымдары А. өңіріндегі қиыршық құм қоспаларықұрылыс құмыұлутас пен керамзит шикізаты кен орындарын пайдаланады. А-да 1972 ж. дүние жүзінде тұңғыш рет шапшаң нейтрондарға негізделген БН-350 реакторы бар энергия комбинаты іске қосылдыСоның нәтижесінде қала мұнай өнімдерімен бірге, атом энергиясын да пайдаланады. Атом электр ст-ның қуатымен теңіз суын тұщылайтын қондырғы жұмыс істейді. А. респ-ның батысындағы ғылжәне мәдени орталықтардың біріМұнда ҚР ҒМ — ҒА-на қарасты Ботаника бағымұнай-газ ғыл.- зертжәне жобалау ин-ты, Ш. Есенов атындАқтау университетіарнаулы орта оқу орындары, муз., спорт, жалпы білім беретін мектептер, Абай атындмәдениет сарайы, обл. театр, тарихи-өлкетану мұражайытелерадиостудиякітапханаларконақүйлермедициналық мекемелер бар. Қаланың бас жоспары 1968 ж. бекітілдіЖобалау және кұрылыс істері арх. А.В. Коротковтың басшылығымен жүргізілдіТеңіз жағасы халықтың демалуына және су спортын дамытуға қолайлы. А. қ-ның архитектуралық ансамблін жасаушы сәулетшілер конструкторлар мен құрылысшылар тобына Лениндік (1966), КСРО Мемл. (1977) сыйлықтарықатал табиғат жағдайында адамдар тұратын әсем көгалдандырғаны және сумен қамтамасыз еткені үшін халықарархитекторлар одағының алтын медалі мен Патрика Аберкромби атындсыйлық берілдіӘсемдігі жөнінен қала Кавказдың Қара теңіз жағалауындағы көптеген курортты орындардан кем түспейдіҰлутастан тұрғызылған көп қабатты үйлер өзінің сыртқы әдемілігімен және ішінің көркемдігімен көз тартады. Су тапшылығынына қарамастанқала жақсы көгалдандырылғанКөшелерде әсем бұталар көпүйлердің аралығына шағын скверлергүлзарлар жасалған. Каспий т-нің жағалауында профилакторийлерәсем коттедждерқоғамдық тамақтанутынығушыларға мәдени қызмет көрсету орындары бар жақсы жабдықталған демалыс аймағы құрылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *