АҚТАУ ОБАСЫ

АҚТАУ ОБАСЫ — қола дәуірінен сақталған Андрон мәдениетіне жататын ескерткіш. Маңғыстау обл. Ақтау қ-ның солт-нде Қошқарата көліне жақын орналасқан. Мұнда респ.археол.ин-тының Батыс Қазақстан экспедициясы 1989-93 ж. қазба жұмыстарын жүргізген жетекшісі З. Самашев, орындаған Г. Баландина мен А. Астафьев. Қола дәуіріне жататын екі қорған қазылып, олардың алғашқы формалары график. түрде қалпына келтірілді. Қайтыс болған адамды бірнеше тас тақталардан құрылған текше жәшікке басын батысқа қаратып, аяқтарын бүгіп бір жамбасына жатқызып жерлеген. Бас жағына қыш ыдыстар, т.б. басқа заттар қойылған. Ескерткіш қатты тоналған. Жәшікті жалпақ тақталармен жапқан, айналасын тегістеп, тас платформа жасаған, оның үстіне 3-4 қабатты шарбақ жасалған, оның шығыс жағында жәшікке кіретін жерде отпен аластау орны болғанын көрсететін жанған ағаштың, күйген топырақтың іздері сақталған. Обаның айналасында құрбандық шалғанда пайдаланылған жер-ошақтардың орындары табылды.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *