АҚТАУ, Мұзтау — Алтай т-ның ең биік нүктесі (4506 м). Қатын жотасында орналасқан. Орограф. ерекшелігі бойынша: Батыс Ақтау және Шығыс Ақтау бөліктерінен тұрады. Олар бір-бірінен тау аралық ойпат арқылы бөлінген. А. гранит, гнейс және метаморфтық тау жыныстарынан түзілген. Ондағы Жер бедерінің тілімдену деңгейі жоғары болып келеді. Биік, үшкір тау шындары мен аңғарлар алмасып отырады. Оны жыл бойы мұздықтар мен қар басып жатады. Тау аңғарында қар және тас аралас көшкіндер болып тұрады. Мореналық мұздық пішіндері кездеседі. Тау мұздықтары осы аймақтан басталатын өзендердің толысу көзі болып табылады. Ақ Берел, Қатын, Берел, Меңсу өз-дері А-дан бастау алады.