АҚТАУ

АҚТАУ — Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау. Қарағанды обл-ның оңт. шығысында орналасқан. Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай 20 км-ге созылып жатыр. Ені 10 км, ең биік жері 1133 м. Бірнеше қырқадан тұрады. Орталық және шығыс қырқалары жоғарғы протерезойдың ақ кварцитінен, батыс қырқасы қызыл кварциттен құралған. Аласа таулық ашық қоңыр топырағында тобылғы, қараған, селеу, бетеге, боз қылқан, жусан, қара жусан, аңғарларында көктерек, тал, т.б. ағаштар мен бұталар өседі. Тауда бұлақ көп. А. жайылым ретінде пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *