АҚТАС ҚЫСТАҒЫ

АҚТАС ҚЫСТАҒЫ — 17 — 19 ғ-лардағы мекен жайлар. Қызылорда обл. Жаңақорған ауд-ның оңт.-батысында 5 — 6 км жерде, Сырдарияның оң жағалауында орналасқан. 1970 ж. археолог С. Жолдасбаев зерттеген. Қыстақ ортасында қызыл кірпіштен бір күмбезді мешіт салынған. Солт.-батысында қорым бар. Одан 100 м жерде кірпіш күйдірген ошақ орны байқалады. Қазба жұмысы кезінде екі үйдің орны ашылды. Саз балшықтан соғылған. Қора жайлары тұрғын үйлерге жалғас салынған. Әріректе 20-дан астам тұрақ жайдың төбе болып жатқан орындары байқалады. Қыстақ тұрғындары мал және егін ш-мен айналысқан. Түрлі темір бұйымдар, табақшалар, кетпен сынықтары, т.б. табылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *