АҚТАС МЕШІТІ

АҚТАС МЕШІТІ — сәулет өнері ескерткішіҚазіргі Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Бесарық ст-ның батысында 7 — 8 км қашықтықтаСырдария өз-нің жағалауында 1884 ж. салынғанМешіттің тұрған маңында қазақтардың тұрақты мекен жайлары болғанға ұқсайды (16 — 19 ғ.). Пішіні төрт бұрышты етіп салынған күмбезді мешіттің биікт. 10 — 12 м. Қасбеті шығыс жақтаКүйдірілген кірпіштен тұрғызылғанМешіт күмбезіне 4 қырлы, 2 қабатты мойындық арқылы көтерілуге боладыҚабырғалары сәндік өрнектермен әшекейленгенКіре беріс жағында 3 биіксәнді аркасы бар, ортаңғы аркадан мешітке кіретін есік жасалған. Солт. және оңтжақтағы қабырғасына әшекейлі терезелер орнатылғансолт-тегі терезенің астыңғы жағында және бір есік бар. Мешіттің михрабы батыс жақтағы қабырғаның орта тұсында орналасқан. Солт. іргесіне жүргізілген қазба жұмысы барысында төрт бұрышты шағын бөлмелердің іргесі ашылдыОсыған қарағанда мешіт жанында медресе болған секілді. 1982 ж. респмаңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізіліпмемлқорғауына алынған. 1984 ж. мешітті қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *