АҚТАМБЕРДІ МАЗАРЫ -18 ғ. архит. ескерткіш. Мазар Солт. Қаз. обл. Жүрекадыр кентінде Шыңғыстау тауында белгілі батыр, жырау Ақтамбердіге арнап тұрғызылған. Ескерткіш солт. шығыс және оңт. жақтарын қалмақпен соғыста шейіт болған Ақтамберді сарбаздарының бейіті тағаша қоршап жатқан шағын дөңестің басында тұр. Алғашқы жобада 7,7×6,3 м тікбұрышты көлемде кесек тасты балшықпен бекітіп салынған. Ол, негізінен, бұзылған соң 90-жылдарда жаңартылған.