АҚТАЙ

АҚТАЙ — Батыс Қазақстан обл-ның Қаратөбе ауд-ндағы ауыл. Іргесі 1931 ж. қаланған. Аудан орталығынан шығысқа карай 35 км жерде, бетеге мен селеу өсетін қоңыр қызыл және сортаң топырақты далалық белдемде орналасқан. Тұрғыны 2 мыңға жуық (1997). Ауылда машина жөндеу шеберханасы, орта мектеп, кітапхана, аурухана, клуб, сауда және тұрмыс қажетін өтеу комбинаты бар.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *