АҚСУ — Қызылорда обл-ның Жалағаш ауд-ндағы ауыл. Аудан орталығынан 4 км жерде, Сырдария өз-нің оң жағалауына орналасқан. 1950 — 60 ж. Сталин ұжымшары болып аталған. 1979 жылдан А. кеңшары болып аталып келді. Тұрғыны 1,6 мың адам (1997). Орта мектеп, тұрмыстык қызмет көрсету пункті бар. А. ауылында бұрынғы кеңшар негізінде шаруа қожалықтары мен өндірістік кооп. ұйымдастырылған. Тұрғындары облыс орталығымен т. ж. және автомоб. жолы арқылы, ал басқа елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.