АҚСУ — Жамбыл обл-ның Шу ауд-ндағы Көкқайнар ауылдық округіне қарайтын ауыл. Боз, бетеге, шөп аралас өскен жазық шөлейтті белдемде орналасқан. Жақын т.ж. стансасы — Шу (75 км жерде). Тұрғыны 1,9 мың адам (1997). А-да бұрынғы ұжымшар негізінде өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Мектеп, кітапхана, клуб бар. Тұрғындары елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.