АҚСУ — Ақмола обл-ның Степногорск қалалық әкімш. құрамындағы кент, т. ж. ст. Степногорск қ-ның солт. 10 км, Астанадан 200 км жерде, Ақсу өз-нің сол жағалауында орналасқан. Тұрғыны 8,2 мың адам (1997). Іргесі 1929 ж. алтын өндіретін кеніш ретінде қаланған. 1940 ж. кентке айналған. А-да “Қазақалтын” комбинатының өндірістік бөлімшесі, кен кәсіпорындары, автомоб. жөндеу з-ты жұмыс істейді. 2 орта мектеп, сегізжылдық мектеп, мектепке дейінгі балалар мекемесі, мәдениет үйі, 3 кітапхана, аурухана, дәрігерлік пункг, қонақ үйі, сан.-эпидемиол. ст. және тұрмыс қажетін өтеу комбинаты бар. А. арқылы Астана — Павлодар т. ж. өтеді. Елді мекендермен Ақкөл — Бестөбе, Ақсу — Макинск автомоб. жолдарымен қатынасады.