АҚСУ 

АҚСУ — Павлодар обл-ндағы қала. Ол Ертіс өз-нің Ақсу аталатын тармағына таяу, облыс орталығы — Павлодар қ- сының оңтүстігіне қарай 50 км-де, Батыс Сібір ойпатының оңтүстігіндегі “Қызыл-шырпы” деп аталатын жерде, бетеге мен селеу аралас өсетін қоңыр қызғылт топырақты дала белдемінде орналасқан. 1993 жылға дейін Ермак қ. аталды. Тұрғыны 46,8 мың адам (1997). Іргесі 19 ғ-дың аяғында қаланды. Ол 50-жылдың аяғына дейін пристань жанындағы кішігірім ауыл болып келді. 1959 жылдан бастап мұнда ферроқорытпа з-тыМемл. аумақтық электр ст. (МАЭС) жұмыс істеді. Оңт-ке қарай 3 км жерден басталатын Ертіс — Қарағанды каналы құрылысының басталуына байланысты қала құрылысы тез өсті. Қазақстандағы мемл. аралық маңызы бар қалаға айналды. А-да ферроқорытпа з-ты мен МАЭС, темір-құйма тас бөлшектері мен құралымдары, жөндеу-мех. және металл құралымы, “Металлоштамп” з-тары, “Ферроқорытпақұрылыс” тресі, МАЭС құрылыс басқармасы, т.б. кәсіпорындар мен құрылыс ұйымдары жұмыс істейді; 3 кәсіптік- техуч-ще, металлургтер мен энергетиктердің мәдениет үйлері, кітапханалар, стадион, мед. мекемелер, т.б. бар. Павлодар қ-мен “Спутник” т.ж. желісі, автомоб. жолы арқылы байланысады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *