АҚСУ — Оңт. Қазақстан обл. Төле би және Сайрам ауд-дары аум-ндағы өзен, Арыс өз-нің сол жақ саласы. Ұз. 133 км, су жинау алабының аум. 766 км2. Талас Алатауының солт. беткейіндегі 4042 м. биікт. мұздықтан басталады. Жоғарғы ағысында тар шатқалмен ағып, орта тұсында аңғарының ені 150 — 200 м- ге, жайылмасы 40 — 50 м-ге жетеді. Негізгі толысу көзі— мұздық пен қар суы (70%). Көп жылдық орташа су шығыны Сарқырама а. тұсында 9,68 м3/с, кей жылдары төменгі ағысында сарқылып қалады. Суы тұщы, минералд. 200 — 400 мг/л. А. өз-нің алабында Ақсу — Жабағылы қорығы орналасқан, суы, негізінен, егістікті және бау бақшаны суаруға пайдаланылады. Өзен алабында ежелгі Сайрам (Испиджаб) қ-ның орны бар.