АҚСУ ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫ — кремний, марганец, хромды темір қорытпасын өндіретін кәсіпорын, акционерлік қоғам (1997). Ақсу қ-нда (Павлодар обл.) орналасқан. Бірінші кезегі 1967 ж. іске қосылды. Зауытта хромит кенінен металлургия, химия, отқа төзімді заттар өнеркәсібіне аса қажетті шикізат асыл құрыш өндіруге пайдаланылатын хром қорытпалары алынады. Бұл хромит қоспалары сан алуан химиялық препараттарды, химия реакцияларының катализаторларын алуға, тігін, былғары, шыны өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Зауыт өнімдерінің 60%-і Еуропа және Азия елдеріне жөнелтіледі. Жыл сайын 100 млн. АҚШ доллары көлемінде пайда береді. Зауыт жаңа технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған.
Қазақстан үкіметінің 1994 жылғы қарашадағы кәсіпорындарды шетел фирмаларына белгілі мерзімге басқаруға беру туралы шешіміне сай “А. ф. з.” АҚ-ын басқару “Джапан хром корпорейшн” компаниясына тапсырылды. Бұл компания зауыт акциясының 55%-тен астамына ие.