АҚСУ ЖАБАҒЫЛЫ ҚОРЫҒЫ

АҚСУ ЖАБАҒЫЛЫ ҚОРЫҒЫ — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солт.-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан, 1926 ж. құрылған Қазақстандағы тұңғыш қорық. Құрамында Қаратаудағы “Қарабастау” (126 га) және “Әулие” (100 га) телімдері бар. Жерінің ауд. 75,09 мың га (1997). Қазір А. Ж. қ. ЮНЕСКО жасаған дүн. жүз. қорықтар тізіміне енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі жөне альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. А.-Ж. қ-ның жерін Ақсу өз-нің аңғары (те- ренд. 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әр алуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас у қорғасыны; тех. өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран: жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген; жемшөптік өсімдіктен: жоңышка, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден: майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл; реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. 

Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық. т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан, т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. А.-Ж. қ. — табиғаттың нағыз ғыл. лабораториясы, онда ғыл.-зерт. жұмыстары үзбей жүргізіледі. Ғалымдар қорықтың табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектер жариялады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *